Қазақстан мен Түркияның бiрлескен сауда-өнеркәсiп палатасы құрылды

Бүгiн Түркi тiлдес елдердiң Iскерлiк Кеңесiнiң бесiншi отырысында Қазақстан мен Түркия арасында бiрлескен сауда-өнеркәсiп палатасын құру туралы меморандумға қол қойылды. Палата Қазақстаннан Түркияға бұрынғыдай шикiзат емес, дайын өнiмдердi экспорттауға мүмкiндiк бермек.

 «Бүгiнгi кеңес аясында Қазақстан мен Түркия арасында сауда-өнеркәсiп палатасы құрылды. Палатаның басты мақсаты – бiздiң экономикалық жағдайымызды жақсартып, Қазақстан мен Түркия кәсiпкерлерiнiң арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Түркия бизнесмендерi инвестиция жағынан Қазақстанға өте үлкен қызығушылық танытып жатыр. Бiрақ, кейбiр кезде ақпараттың жоқтығынан кедергiлер туындайды, сол кедергiлердi болдырмас үшiн осы палата екi жақтан жұмыс жасайды. Палатаның екi кеңсесi болады. Бiреуi Астанада, екiншiсi Стамбұлда орналасады»,-дедi «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Оның айтуынша, екi ел арасындағы тауар айналымы жыл сайын нығайып келе жатыр. Қазiргi таңда Қазақстаннан Түркияға экспорт басымырақ, Түркиядан тауар азырақ импортталады.

«Дегенмен, елiмiзден Түркияға негiзiнен шикiзат экспортталып жатыр. Сондықтан, осы палата аясында шикiзатты емес, дайын өнiмдер мен тауарларды жiберу керек. Палата алдағы уақытта осы салада жұмыс атқаратын болады», – дедi Н.Әлтаев.

One thought on “Қазақстан мен Түркияның бiрлескен сауда-өнеркәсiп палатасы құрылды

  • 04.04.2017 at 07:09
    Permalink

    Шетелдіктер бізді жарылқауға келмейді. Майлы жіліктің басын қайтсем өзім әкетем деп келеді. Шетел кәсіпкерлеріне “бізге қаржы салыңдар” деп жалына бергенше өзіміздің жеке кәсіпкерлерге қолдау жасап, қағазбастылық пен үкіметке қажеті том-том анықтамалар мен көт сүртуге жарамайтын сертификаттарын жиып алса, Қазақстан талай жерге дамып кетер еді…

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған