17 НАУРЫЗ — ШАҢЫРАҚ КҮНІ

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес, 17 наурыз – Шаңырақ күні болып белгіленді.
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың орны ерекше.
Шаңырақ — көк аспан, шаңырақ — үй-жай, шаңырақ- отбасы, тірек, шаңырақ — бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.
Ол — ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра.
Бұл күні отбасылық құндылықтар насихатталады.
Бұл күн қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.