175 жылдың есебін білесіз бе?
Тектіліктің өлшемі алаш баласында ықылым заманнан-ақ ғасырмен өлшенген. Мәні неде дейсіз ғой? Мәселен, қараңыз! Халқымызда бір ұрпақты таза сақтау үшін сол жанның жасын шамамен 25 жас деп есептеген. Яғни 25-26 жас бұл бір ата деп саналған деседі. Жұртымыздағы «Жеті атаға дейін қыз алыспау» деген қанатты қағиданың барын ескерсек, демек әлгі ширек жасты 7-ге еселейміз деген сөз. Онда есебіміз шамалай 175-185 жылдың аралығына сай келеді. Тектіліктің қанмен келетін білген байырғы бабаларымыз соны бұрыннан-ақ аңғарғаны осыдан білінеді. Демек, сол 2 ғасырға жуық уақыттың өтуін қатаң сақтап, қыз алыспаған, қыз бермеген. Одан кейін біздің ұлтымыздың тұрмыстық тарихынан нені білесіз? Көз салсақ, сол замандарда Оңтүстіктің қызын Солтүстікке ұзатып, болмаса Батыстың бұрымдысын мәселен Шығысқа тұрмысқа бергелі жатыр дегені көркем шығармаларда кездеседі. Тіпті болмаса бір ауылдың серісі жақын маңайдағы арғын тайпасынан құралған ауылдың қызына құда түспек дегенді де білеміз. Мұндағы жағдай руға бөліну емес, түрлі рулардан құралған біртұтас ұлттың тектілікке деген мұқияттылығы. Осы арқылы ортақ бірегейлік сақталып, тектілік арқылы дені сау ұрпақ дүниеге келіп отырғаны анық емес пе? Бұ саналы салт бүгін де бар. Әсіресе көзкөрген қариялармен түйгені көп әжелеріміз әңгімесінің арасында осы пайымды жиі сөзге келтіріп отырады. Мәселен, бір рудан тараған екі жас басқосайын деп жатса, жеті атадан асқан үлкен ру ғой енді. Қыз алыса береді» деп өзінен кейінге айтып отыратын біз жиі көреміз. Келер ұрпақта осы таныммен өскелеңге түсінік бергені тұрмысымызға сіңгені жөн. Бұл әрине біртұтас елдің бірегейлігін сақтау!