1986 жылғы көтеріліске қатысқан қазақ қыздары
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығында жадымызда сақталатын, қазіргі жас ұрпақ үлгі тұтатын тағылымды таразалау – парызым болмақ.
Алаңға барғаны үшін жалаға ұшырап, түрлі жапа шеккендер мен көтеріліске еш қатысы болмаса да зәбір көргендерің жалпы тізімін жасап шығу, әрине, мүмкін емес. Дегенмен, баяндамадағы мақсатым – Желтоқсан қарлығаштарының тұтас тізімін жасауға талпыныс жасау. Бірқатар деректер бойынша, алаңға барған азаматтар саны 10 мың адам, ал қайсыбірінде 50 мың адам екендігі айтылады. Қарлығаштарымыздың кешегі ерлікке толы іс-қимылдарын бүгінгі жас ұрпаққа, конференцияға қатысушыларға үлгі-өнеге ретінде ұсыну – баяндама өзегі.
Алаңға тек ер жігіттер ғана емес, нәзік жанды, қайсар мінезді қарлағаштарымыздың да қатысқаны барлығымызға мәлім. Сондықтан да олардың бізге жеткізген әр сөзі құнды әрі құрметті деп білемін. Соның ішінде бірнешеуіне тоқталғым келіп тұр.
Гүлнар Кеңесқызы Байбосынова апамызды сөйлетіп көрейік: «Арамызда таяқтан бет-жүзі адам танымастай өзгеріп кеткен бір жігіт болды. Оның көзі шығып кеткен еді. Содан бізді жеті түнде Шамалған жақтағы жүгері егетін алқапқа апарып тастады. Күн суық. бәріміз оңбай таяқ жегенбіз. Жолдың бойымен қалаға қарай жүгірдік. ешқандай машина тоқтамайды. Әйтеуір, таң ата жатақханаға жетіп жығылдым. Суық қатты өтіп кеткен еді. Бір ауруханада жаттым»-дейдіт бір жазбаларында. Сонымен қатар Гүлнар қазақ қыздарын рухтандырып, алға бастап жүрді деп айтсам кем айтқаным емес. Себебі «ЖепПИ, КазМУ, Нархоз, КазПИ қайда?», «Жүріңдер, көше аралап , сондағы қыз-жігіттерді қатарымызға тартайық!», «Қыздар, жігіттер бөліндейік!»-деп ұрандатты. Бес ай қатарынан тергеуде болып, жазасын өтеген қайсар да, батыл Гулнар Желтоқсан көтерілісіне қатысқанына өкінбейтінін айтып, керісінше бұл ісін мақтан тұтатынын айтты. Осындайда қазақ қыздарына қайран қаласың.
«1986 –да, желтоқсанның ызғарында қақаған,
Қайсар ойларың кісендерін үзіп, сан жылдар байлап, матаған,
Саналарыңнан бағынғыш, құлшыл, үркек сезімдерің өтті өліп,
Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін ту етіп шырқап, көтеріп ,
Жаңа ұран айтып қиюына қашқан заманға,
Топтасып едіңдер Бержнев атты алаңға..» -деген М.Шаханов атамыздың өлең жолымен желтоқстан құрбандарына тағзым етуміз қажет. Жылдан жылға оқиға жайлы зерттеліп, желтоқсан көтерілісінің құрбандарының тізімі толығу үстінде. Мысал ретінде ел мен ердің намысын ту етіп қылмыстық кодекс бойынша жазаланғанжан апаларымызды еске алғым келеді:
Сәбитова Жансая Әлкейқызы — Алматыдағы №19 жұмысшы жастар орта мектебінің оқытушысы, 5 жыл.
Салықова Нағима Аскарқызы — Алматы бас киімдер фабрикасының бухгалтері, 3 жыл.
Еспенбетова Қаншайым Мұхатқызы — «Поршень» зауытының токарі, 3 жыл 6 ай.
Махметова Айткүл Әбдірахманқызы — №1 баспахананың жұмысшысы, 2 жыл.Әбілқайырова
Гүлнар Бердіқожақызы — бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 3 жыл.
Панинова Гүлвира Төлебайқызы — бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.
Шамаева Галимат Әбенқызы — бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.
Лепесбаева Гүлнар Сабырғалиқызы — бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.
Рақымжанова Гүлмира Әкімжанқызы — бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.
Иманбаева Қайыпхан Сұлтанқызы — «Поршень» зауытының токарі, 3 жыл.
Рамазанова Ғалия Файзуллақызы — тігінші-мотористка, 1 жыл (еңбекпен түзеу жазасы).
Мергенова Бақша — мүгедектігіне байланысты жұмыс істемеген, 3 жыл.
Әлиева Раушан — Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1 жыл.
Еркінбекова Әлия Төреханқызы — Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.
Досанова Жанат Әбдірахманқызы — Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.
Мусина Гүлден Қанафияқызы — Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.
Сәрсенбекова Раиса Мырзабекқызы — бухгалтер-ревизор, 2 жыл.
Кәрімғазина Гүлжан Ғазизқызы — кооператив техникумының студенті, 1 жыл.
Серекенова Анар Жемісханқызы — Заң техникумының студенті, 1 жыл 6 ай.
Айтжанова Жанат Нәукенқызы — пединституттың студенті, 1 жыл 6 ай.
Шынықұлова Ләйлә Бекенқызы — пединституттың студенті, 1 жыл еңбекпен түзеу жазасы.
Шоқаева Ғалия Құдысқызы — жатақхана вахтері, 2 жыл.
Мусина Мәншүк Жанатқызы — юристік техникумының студенті, 1 жыл 6 ай қара жұмысқа жіберілген.
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп аулының «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орталығы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17 — 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды.
Асанова Ләззат Алтынайқызы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда П. Чайковский атынддағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17 — 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп — төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.
Бұдан бөлек 200-ге жуық әйел (Асымбекова Рысты Мұрзайқызы, Елеусінова Зәуре Чкалқызы, Қадырова Гүлзина Дүйсеханқызы, Әбішева Бибізада Есетқызы, Исманғужинова Зейнаш Мадыханқызы, Сейітова Лаура Қожмұханқызы, Ішлікова Бағдагүл Ансызбайқызы, Досынбекова Гүлжами, Кубеева Гүлназ Асқарбекқызы, Мұрзатаева Ғалия Қасымқызы, Медетбаева Райгүл Сабырданқызы, Алиақпарова Жайнат Қасымқызы, Мұқанова Райхан Қимұқанқызы, Тойтаева Гүлмира Әбдікәрімқызы…) ауруханаға түскендермен (барлығы-286 адам, қыз-келіншектер-73) тізім жалғаса береді.
Қорытынды
Мінекей осындай апаларымызға тағзым ете отырып, олардың ерліктерінен үлгі алумыз қажет. Сондықтанда да , баяндамамдағы қорытындым «Желтоқсан оқиғасына-30 жыл» толуына орай Қазақ қарлығаштарының халық қаһарманы атағын алуға лайықты екенідігін жеткізу болмақ. Сөз соңымды өлең жолымен аямақтамақпын.
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын!
Бегалы Динара
аға оқытушы Болтаева С.Ж.
Нархоз Университеті
Алматы қаласы