200-ге жуық баланың денсаулық жайы тексерілді
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні Жамбыл аудандық емханасында облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мамандары: хирург, травматолог, нейрохирург, реабилитолог, невропотолог, пульмонолог, кардиолог сынды балалар дәрігерлері арнайы қабылдау жүргізді.
Облыстан келген білікті дәрігерлерді аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сейдыахмет Чинибеков қарсы алып, тұрғындарға бүгінгі күннің мақсатын айтып өтті.
Аудан тұрғындарының ем-дом, ақыл-кеңес алушылар қатары қалың болды.
Жалпы қабылдауға 200-ге жуық балаларды ата-аналары алып келді.
– Бүгінгі күн ерекше болды. Білікті дәрігерлерге балаларымызды көрсеттік. Осындай іс-шараға ұйытұы болған азаматтарға алғыс айтамын, – дейді аудан тұрғыны Гүлсім Саурықова.
Жамбыл ауданы