40 мың оқушы «ЕХРО-2017» көрмесін тегін аралауға мүмкіндік алды

Қала әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы санатындағы және дарынды 40 мың оқушыға ЭКСПО-2017 көрмесін тегін аралап-көру мүмкіндігін ұйымдастырып отыр.

«Жас қонақтар үшін екі күндік арнайы бағдарлама қарастырылған: бірінші күні – Экспо-2017 көрмесін аралау, келесі күні – Елорданың әсем жерлеріне саяхат. Жалпы 1600 адам бойынша 25 жол қатынасы жоспарланып отыр – бір жолғы қатынаста 40 баладан 40 топ» — дейді ұйымдастырушылар.

Әр өңірдің делегациясына Астананың білім беру басқармасы мен оқу орындарының директорларынан құрылған жауапты тұлғалар белгіленді. Әр аймақ тарапынан балаларға жауапты мұғалімдер мен медициналық кызметкерлерi карастырылған. Балалардың келуінен бастап, оларды орналастырылу, көрмеге апару, қаланың ішіндегі саяхат және шығарып салу қатынасының бағыты түзілді.

Оқушыларды «Astana LRT» ЖШС ұсынған қолайлы жаңа автобустармен тасымалдау жоспарлануда. Оқушылардың барлығы қаладағы білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналастырылады.

Олардың барлығы төтенше жағдайлар департаменті, тұтынушыларды қорғау департаменті және ювенал полициясының ЖПҚ бөлімімен арнайы тексеру мақсатында айналып өтілді.

«Балалардың қауіпсіздігі үшін Елордада тәулік бойы жұмыс жасайтын ахуал орталығы іске қосылды (109 нөмірі бойынша). Және барлық орындарды ІІД ЖПҚ қызметкерлері тәулік бойы күзетеді» — дейді мамандар.

Айта кетейік, бүгін сағат 14.40-та алғаш болып Елордамызға Ақтөбе облысының 162 баласы келеді. Олар қалалық Медициналық колледжінде орналасады.

Дереккөзі: BAQ.KZ порталы