2019 жылы ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді сатып алу жұмыстарының қорытындысы
Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы 2019 жылы денсаулық сақтау субъектілерінен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу жұмыстарының нәтижесін қорытындылайды.
Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылы халыққа тегін қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтады. Келісімшарт бекіткен емханалар мен клиникалар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындамақ.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін (бұдан әрі — ТМККК) орналастыру рәсімін филиалдың лауазымды тұлғаларынан басқа, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, медициналық қызметкерлер кәсіподағының және де басқа мемлеке ттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған аймақтық комиссия жүргізді.
Қазіргі таңда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 2019 жылға тұрғындарға медициналық қызмет көрсету мақсатында медициналық ұйымдармен келісімшарт жасасты. Маңғыстау филиалының Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 2019 жылға қарастырған қаражаты – 25,886 млрд теңге. Биыл облыста 55 медициналық ұйыммен келісімге қол қойылды: соның ішінде 26 (47,2%) жеке меншік клиникалармен – 2,791 млрд.теңге (10,8%) көлемінде, ал 29 (52,8%) мемлекеттік мекемемен – 23,094 млрд.теңге (89,2) көлемінде келісімшарт жасап отыр.
Ал, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мақсатында 20 БМСКК медициналық ұйыммен келісім-шарт жасалып отыр: оның 12-сі (60%) – мемлекеттік мекеме болса, 8-і (40%) – жеке мекеме (өткен 2017 жылы 7 (37%) жеке меншік мекемемен келісім болған, қазір 1 мекемеге артқан).
Биыл Емханаға бекіту науқанының қорытындысы бойынша, 2019 жылы Маңғыстауда тіркелген тұрғындар саны – 679 967, былтырғы жылмен салыстырғанда 25 910 адамға немесе 4%-ға артық.
ӘМСҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын үнемі өзектендіріп тұрады.
Бүгінгі таңда 2018 жылдың желтоқсан айында көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталды.
Филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді, көлемдерді болжамдайды, егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарыласа, игерілмеген өзге қаражат көздерінен шегеріліп, қайта орналастырылады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады, бірақ, бұл жерде Қордың мүмкіндігі шектеулі. Өйткені ТМКК көлемі бойынша жаңадан қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдау орталық уәкілетті органның құзіретінде.
Қаржыны қайта орналастыру үшін денсаулық сақтау субъектілері Қорға өтінімдерді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпте жолдайды.
Республика бойынша статистика:
ӘМС Қоры 2019 жылдың қаңтар айында мемлекеттік тапсырысты алу туралы келісімшарт жасалған 1412 медицина ұйымымен келісімшарт бекітті. Оның 714-мемлекеттік, 698-і – жеке меншік клиникалар. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 59-ға артқан. Ал, медициналық көмек көрсететін жеткізуші-ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 846 млрд теңгені құрады (оның ішінде, мемлекеттік емханалармен – 709,6 млрд теңгенің, жеке клиникалармен – 136,3 млрд теңгенің келісімшарты бекітілді).
Жеке меншік медицина ұйымдары стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсетуге белсенді түрде атсалысып жатыр. Биыл олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 59-ға көбейді. Сонымен қатар, стационарлық көмек, емханалық-амбулаторлық көмек, ауылдық жерлердегі емханалық-амбулаторлық көмек, консультативтік-диагностикалық көмек, жоғары технологиялық қызметтер көрсету бағытында да жеке меншік саланың үлесі басым.
Қазіргі таңда жеке меншік клиникалар көрсететін медициналық көмек түрлері де көбейді. Мәселен, биылғы жылы олар онкологиялық көмек, жедел медициналық көмек, паллиативті көмек, оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек түрлерін көрсетуде ерекше белсенділік танытып отыр.