2020 жылы Ақтөбе облысының 90 ауылы мобильді интернетпен қамтамасыз етілді

Ақтөбе облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 250 адамнан астам халқы бар ауылдарды жоғары жылдамдықтағы ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында қабылданған шаралардың нәтижелері туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев баяндады.

 

Ақтөбе облысында 250 адамнан тұратын 212 елді мекен бар. 2020 жылға дейін 3G ұялы байланыс қызметтері оның 97-сінде қолжетімді болды. Өткен жылы тағы 90 ауылға мобильді кең жолақты қол жетімділік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, олар осы жылдың шілдесіне дейін 10 ауылдық елді мекенге 3G-ді қосуға уәде беріп отыр.
«Мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтылған 90 ауылдық елді мекеннің 32 ауылында 3G-ді қолдауға жеткіліксіз жабдықтар орнатылғанын атап өткен жөн. Арна әлсіз, тек дауыстық сигналдарды таратуға мүмкіндік береді», — деді Ә.Отарбаев.

 

Қазіргі уақытта басқарма мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыруда, бірақ олар көбіне айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді.
«Бүгінгі күні интернетке сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету қоғамның негізгі талаптарының біріне айналды. Бұл өзекті мәселе елдің болашағына, аймақ экономикасына да үлкен әсер етеді. Жасыратыны жоқ, біздің облыста интернет пен ұялы байланыс сапасына байланысты әлі де бірқатар кемшіліктер бар. Жауапты сала басшылары мен аудан әкімдері мәселені тиімді шешу үшін бірлесе жұмыс жасауы керек», — деп атап өтті Оңдасын Оразалин кездесуді қорытындылап.
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.