2021 жылы Қарағанды облысында үш сүт-тауар фермасы мен құс фермасын салу жоспарлануда
COVID-19 пандемиясына байланысты дағдарысқа қарамастан, Қарағанды облысында АӨК саласында тұрақты жағдай сақталуда. 2021 жылы жалпы өнім шығаруды 429 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.
Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңын ұлғайту және су ресурстарын тиімді пайдалану есебінен жүзеге асырылмақ. 500 га суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда. Аграршыларға су себетін машиналар құнының жартысын өтеуді, сондай-ақ су тарату жөніндегі қызметтер құнын арзандатуға субсидиялар төлеуді жалғастырады.
Мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданады. Биыл АӨК 5,1 млрд. теңгеге бес жоба іске асырылады, соның нәтижесінде 130 жұмыс орны құрылады. Ірі қара мал басының жалпы саны 1 500 болатын үш тауарлы-сүт фермасы салынады. Құс фермасы мен жаңадан тоңазытылған сиыр етін өндіру өндірісі іске қосылады.
Мемлекет қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің экспорттық нарықтарын ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Экспорт көлемі 12,5%-ға, оның ішінде өңделген өнім үлесін 73%-ға дейін ұлғайту жолымен арттырылатын болады.
Аграрлық саланы ұзақ мерзімді дамыту стратегиясын іске асыру үшін цифрландыру жұмыстары жалғасады.
Жомарт Шаймұрат