2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала болжамы бойынша 2022-2025 жылдар аралығында Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде.
Сонымен қатар 5 201 мемлекеттік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 2 137-сі мемлекет қаражаты есебінен салынуда.
Қазіргі кезде 286 нысанның құрылысы тоқтатылды. 84 нысанда жұмыстардың тоқтауына бағаның қымбаттауы себеп болса, 202 құрылыс басқа да себептер бойынша (ауа райына, маусымдық шектеулер және т.б. байланысты) тоқтатылды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, әрбір нысан бойынша жағдай сарапталып, жұмыстарды қайта бастау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.