2022 жылғы қаңтар-қарашада Жамбыл облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,7% құрады
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-қарашада 2021 жылғы сәйкес кезеңдегіге қарағанда –105,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖӨӨ-нің 60%-нан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2022 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 343576,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегіге қарағанда 3,6% артты.
2022 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 788903,1 млн. теңгені құрап, 2021 жылғы қаңтар-қарашадағыға қарағанда 10,6% артты. Өндіріс өсімі өңдеу өнеркәсібінде (10,9%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (22,6%), сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде (3,9%) байқалды.
2022 жылғы қаңтар-қарашада ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 563572 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 6,1%-ға артық.
Аталған кезеңде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 174609,9 млн. теңгені құрап, 2021 жылғы қаңтар-қарашадағыға қарағанда 1,6% өсті.
2022 жылғы қаңтар-қарашада «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 101% құрады.
Талдау жасап отырған кезеңде көліктің барлық түрімен 123552,9 мың тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3%-ға кем. Осы кезеңде 430287,2 мың жолаушы тасымалданып, алдыңғы жылдағымен салыстырғанда 7,4%-ға көбейді.
Аталған кезеңде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,9% құрады.
2022 жылғы қаңтар-қарашада «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,1% құрады.
Бөлшек сауда көлемі (салыстырмалы бағада) 367342,1 млн. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда 2,3% артты.
Биылғы жылғы қаңтар-қарашада көтерме сауда көлемі (салыстырмалы бағамен) 345557 млн. теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,1% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалардың саны 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 15091 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,7% артты, оның ішінде қызметкерлердің саны 100 адамнан кем – 14720 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 11646 құрады, оның ішінде 11275 бірлік (100 адамнан кем) шағын кәсіпорындар.
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы қарашада қазандағымен салыстырғанда 101,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 2,2%, азық-түлік емес тауарлар – 1,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 1,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 0,2% жоғарылады.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы II тоқсанда бағалау бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары (алдын ала деректер) 107374 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы II тоқсандағыға қарағанда 17,5%, нақты ақшалай табыс осы кезеңде 3,7% өсті.
2022 жылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 216422 теңгені құрады.
Жұмыссыздар саны 2022 жылғы III тоқсанда 26174 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы қарашаның соңына 15784 адамды немесе жұмыс күшіне 3% құрады.
Жамбыл облысы бойынша статистика департаменті