2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иттер мен мысықтарміндетті тіркеуге жатады!
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-заң) 2022 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енді. Осы заң шеңберінде облыстық мәслихат бекіткен «Жамбыл облысының аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру» және «Жамбыл облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету» қағидалары қабылданды.
Заңның 11-бабына сәйкес үй жануарларын есепке алу бұйымдарын пайдалана отырып, иелері есебінен ақылы негізде жүргізіледі. Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу Ережеге сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Үй жануарларын тіркеу рәсімін жеке клиникалардың немесе мемлекеттік ұйымдардың ветеринарлық дәрігерлері жүзеге асырады.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын, оның ішінде иттер мен мысықтарды тіркеу міндетті болып табылады. Сондықтан үй жануарларының иелері үй жануарларын тіркеу үшін ветеринарлық клиникалар мен мекемелерге қайрылуы керек. Чиптерді, болюстерді немесе басқа да сәйкестендіру бұйымдарын орнатқаннан кейін жануар туралы мәліметтер Kezekte7kz порталы арқылы «Таңба» ақпараттық жүйесіне тегін енгізіледі. ЭЦҚ-кілт арқылы тіркеу барлық жеке және заңды тұлғаларға шектеусіз қол жетімді. Бір сөзбен айтқанда, чиптелген жануарлардың иелері үй жануарларын «Таңба» порталында өз бетінше тіркей алады.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жануардың иесі өз жануарларын ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып ұстауы, есепке алуды жүргізуі, уақтылы вакцинациялауы, өз жануарына жауапкершілікпен қарауы және қатыгездік көрсетпеуі, басқа адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануы, қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуі тиіс, егер одан ұрпақ алу қажет болмаса, үй жануарларын өз қаражатынан стериилизация немесе кастрация жасатуға міндетті.
Жануарларға жауапсыз немесе қатыгездікпен қараған жағдайларда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің» 407-1-бабына сәйкес қылмыстық белгілері жоқ жеке тұлғаларға 5, лауазымды адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталанған кезде айыппұл екі есеге артады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы