2024 ЖЫЛЫ 3000 ЖАҢА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ ДАЯРЛАНАДЫ
Биыл бірінші басшылардың Республикалық кадр резервіне 3000 үміткерді оқыту жоспарланған. Оның ішінде орта білім беру ұйымдарының 2500 үміткері, мектепке дейінгі білім берудің 200 үміткері және ТжКББ ұйымдарының 300 үміткері бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«208 үміткер бірінші басшылардың республикалық кадр резервіне енгізілді. Конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша кадр резервіне алынған адамдар мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады», – деп атап өтті Орта білім беру комитеті басқармасының басшысы Айман Дүйсембаева.

