2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55423 адамды қамту жоспарлануда
Облыстық әлеуметтік оңалту орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен кеңес отырысы өтіп, онда облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2024 жылға қойылған міндеттері туралы басқарма басшысы Еркін Келесов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Еркін Егембердіұлы 2024 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 7940 отбасындағы 42222 адамға төленгенін айтты.
Өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда АӘК алушылар 1279 отбасы 6076 адамға немесе 12,6%-ға төмендеген.
АӘК алушы отбасылардағы 13344 балаға 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлем берілген.
АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды мүшелерінен 8986 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55423 адамды қамту жоспарланған.
АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда қосымша төлемге 915,4 млн.теңге қаржы қарастырылып, 15786 баланы қамтылмақ.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы