Ислам қаттылықпен, өшпенділікпен насихатталмайды

«Дін – әркім өз білімі, өз ой-пікірі, деңгейімен үкім шығарып, қорытынды жасай салатын нәрсе емес. Бұл салаға жауапты өкіл, маман, білім иелері бар. Қазіргі жастар арасында асығыс пікір айтып, шалыс қадам басып жататыны жиі кездеседі. Имамның айтқанына құлақ аспай, өзімбілемдікпен кетушілердің соңы қандай болғанын бүгінде баршаңыз көріп отырсыздар. Ислам, аты айтып тұрғандай, бейбіт, татулық, ынтымақ діні. Ислам қаттылықпен, өшпенділікпен насихатталмайды, бәлки, асқан байыппен, салмақтылықпен, өте көркем мәміледе жеткізіледі. Бүгінгі әлемде құлақ естіп, көз көріп отырған жағдайдың ешбірі ислам дінімен үйлеспейді. Керек десеңіз, кез келген дін, мәдениет – қоғамды тәртіпке, тыныштыққа, өтірік айтпауға, жақсылық жасауға, біреуге зәбір көрсетпеуге шақырады. Ал ислам, әлбетте, бейбітшілікке үндейді. Қоғамның құрылымы да адами құндылықтарды, адам құқықтарын сақтауды негізге алады. Сондықтан, әрбір іс-әрекетті ойланып, дұрыс пайымдап жасау қажет»

Белгілі теолог-ғалым Арман ҚУАНЫШБАЕВТЫҢ

9 маусым күні «Нұр-Астана» мешітіндегі уағызынан алынды