21 АҚПАН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІ

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәртебесін, маңыздылығын кеңінен насихаттау және этнос өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету, қолдау мақсатында «Қазақ тілі — ғажап тіл, оның болашағы да ғажап!» атты тіл фестивалі өтті.
Фестивальге «Бахор» өзбек ұлттық орталығы, «Мехрибан» әзірбайжан ұлттық орталығы, «Дружба» славян ұлттық орталығы, «Вайнах» шешен ұлттық орталығы қатысты. №1 мектеп гимназиясының қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілді оқушыларының мемлекеттік тілде оқылған өлеңдері, патриоттық әндері тыңдалды, ұлттық билері тамашаланды.
Фестиваль Бауыржанұлы Нұртілеудің орындауындағы «Ел аман» әніне қойылған «Достық» биімен аяқталды.
Ұлттық орталықтарына аудан әкімі орынбасарының алғысхаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
 Жамбыл облысы, Жуалы әкімдігі