Қазгидромет: Республиканың кей аймағында 45ºС ыстық болады

Қазгидромет синоптиктері 22-24 маусымға арналған ауа-райы болжамын жариялады. Олардың хабарламаларында:

Батыс Сібір арқылы бірінен кейін бірі белсенді циклондар көшуде.  Осылармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды желдің күші 15-25 м/с болады.

Республиканың батысы мен солтүстігінде фронттардың өтуімен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болып сақталады. Қазақстанның оңтүстігінде, алдағы тәуліктерде өте ыстық болады, осында күндізгі ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС болады деп болжануда,-делінген.

Сонымен қатар, елордасы Астанада 22 маусымда: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

23 маусымда: көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +18+20°С, күндіз +26+28°С.

24 маусымда: көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған