Ахметжан Есімов: «ЭКСПО-2017» көрмесін 300 мың адам тамашалаған

Астанада өтіп жатқан Еуразиялық Медиа форумның ашылу рәсімінде «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сөз сөйлеп, елордада осыдан 13 күн бұрын басталған «ЕХРО-2017» көрмесін тілге тиек етті.

«Шараға деген қызығушылық жоғары. Бүгiнгi таңда көрменi 300 мыңнан астам адам тамашалаған. Ал ЭКСПО-ның барлық нысандарына 2 миллионнан астам адам барған. Яғни, осы қарқын сақталса, көрменiң тiркеу құжатында қабылданған көрсеткiшке оп-оңай жетемiз. Бұл көрсеткiш 2 млн адам және 5 млн келiп кету санын құрайды», — дедi А.Есiмов.