Алматыда Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді

5 шілдеде Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді.

Құрметті жыр сүйер қауым, Алматы қаласында 5 шілде күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді. Фестивальде танымал жыршылар Берік Жүсіпов, Ақылбек Өтешов бастаған өнер майталмандары және Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген өнер иелері ұлттық мұрасымен сусындатпақ. Қазақ-қырғыз өнерінің тарихи сабақтастығын жаңғыртып жүрген Роза Амановада дүбірлі кештің құрметті қонағы болмақ. Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдындаөнер көрсетеді.

Өтетін уақыты: 05.07.2017ж.  

Басталуы: 16.00

Өтетін орны:  Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театры

Қосымша ақпарат: 

 

Ыбыкенова Арай  8778 859 88 95.