Ералы Тоғжанов дарынды балалармен кездесті
Дарынды ұрпақ — ел болашағы. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың дарынды балаларымен кездесті.
¤Шара аясында жас ғалымдар көрмесі ұйымдастырылды. Білім мен ғылымды қатар алып жүрген өрендер жаңа жобасын көпшілік назарына ұсынды. Солардың бірі, Махамбет Мақсатов пен Мырзабек Таңжарбаев. Екі оқушының бірігіп жасаған қондырғысы күн энергиясын бойына жинап, қуат береді. Олар өнертабысын облыс әкіміне таныстырды.
-¤Бұны біз пайдалансақ бұл адамға өте тиімді. Денсаулығына зияны тимейді. Бұны біз Ақтаудың қақ ортасына қоятын болсақ, әрбір өткен-кеткен адамның ұялы телефонын тегін қуаттауға болады, дейді жоба авторы Махамбет Мақсатов.
-¤Болашақта осындай жобаларды көбейтіп, қазақ еліне өз пайдамды тигізгіміз келеді, дейді жоба авторы Мырзабек Таңжарбаев.
¤Білекті бірді, білімді мыңды жығады. Бұл осы шараға қатысқан 120 дарынды баланың ұстанымы. Халықаралық, республикалық олимпиадаларда облыс мерейін үстем еткендер өз жетістіктерімен бөлісті.
-¤Ақтау қаласында өткен республикалық пәндік олимпиададан ағылшын тілі бойынша алтын медаль алдым. Түрік тілі пәнінен өткен олимпиададан күміс медаль алдым. мен осы үлкен жетістіктерімді Отаныма, Қазақстаныма арнаймын. Қазақстанда көптеген ұлттың өкілі өмір сүріп жатыр. Біздің мақсатымыз болашағы жарқын, мәңгілік ел жолында аянбай еңбектену. Түрім басқа болса да, тілегіміз бір. Жүзіміз басқа болса да жүрегіміз бір. Өйткені, сіз бен біздің Отанымыз бір. Мен біздің Отанымыздың болашағы үшін қызмет етуге дайынмын, дейді алты тіл білетін Эдип Ахвердиеви.
¤¤Түрлі додада топ жарып жүрген жанның бірі, №13 гимназияның оқушысы Римма Отызбаева. Биылғы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиададан 3-ші орын иемденген. 10-нан аса сайыстың жүлдегері болашақта тіл мерейін асқақтатқысы келеді.
-¤Облыс әкімінің дарынды балалармен кездесуіне қатыстым. Марапатталдым. Өте қуаныштымын. Арманың болашақта Қазақстанның ең үздік тіл маманы болу, дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада жүлдегері Римма Отызбаева.
¤Кездесу келгендердің ішінде 6 тіл білетін полиглоттар, спорттық сайыстардың жеңімпаздары, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері бар. Олар — Маңғыстаудың мақтаныштары. Ел болашағы.
-¤Алдымен әке мен шешенің сенімін ақтағандарыңа рахмет айтамын. Болашақта елдің сенімін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Бойларыңызда қаншама рух тұр. Бойларыңызда білімге деген қаншама ұмтылыс тұр. Соның барлығын іс-жүзінде жүзінде жүзеге асыратындарыңа кәміл сенемін, дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
¤Шара соңында жас дарындар облыс әкімінің атынан арнайы марапат алып, естелікке суретке түсті.
Айман Оңғарбайқызы