Жамбыл облысында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды

 Бүгін Жамбыл облысында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» ақпараттық агенттігі. Оған сәйкес облыс әкімдігіне қарасты екі бірдей басқармаға жаңа басшылар тағайындалды. Ауыс-түйістің нәтижесінде, осы уақытқа дейін облыстың ішкі саясат басқармасына басшылық еткен келген Рахия Тұрмаханбетова білім басқармасының басшысы атанды. Ал, бүгінгі күнге дейін облыстың бас ұстазы болған Сұлушаш Құрманбекова ендігі күннен бастап облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тізгінін ұстайды.