Жамбыл облысында 45 спорт мекемесі жұмыс атқарады

Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы айтты.

Нұржан Қырықбайұлының ақпаратына сүйенсек, Облыста 45 спорт мекемесі жұмыс атқарады. Оның ішінде: спорт түрлері бойынша 7 спорт клубтары, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты» және 33 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (7-і Тараз қаласында және 26-і аудан әкімдіктерінің құзырында).

Облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылып отыр. Оның ішінде 22 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрі бар.

Спорт мекемелерінде 21 860 спортшымен (оның ішінде ауылдық мекендерде 14073 спортшы) 839 оқытушы-жаттықтырушы (оның ішінде ауылдық мектептерінде 470)  қызмет атқарды.

2017 жылдың 4 айы бойынша облыс споршылары жалпы 498 медальға (143 алтын, 153 күміс және 202 қола) иеленді.

2017 жылдың 4 айында 9 ҚР спортшы спорт шебері нормативін орындаса, 2 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.

Сондай-ақ, 162 спортшыға «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» және 30 спортшыға «І-ші разрядты спортшы»  спорттық разрядтары берілді.