СҚО әкімі мектеп бітіруші түлектермен кездесті (Фото)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов биыл мектеп бітіретін жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесті деп хабарлайды аймақ басшылығының баспасөз қызметі.

Кездесуді ашқан  өңір басшысы түлектерді мектеп бітіруімен және аттестат алуымен құттықтап, балалар үшін қазіргі ең маңыздысы –  оқуды жалғастыру екендігін атап айтты. 

       «Бүгін мемлекетіміз мектеп түлектері оқуын жалғастыру үшін  барлық жағдайды жасауда. Тегін кәсіптік-техникалық білім беру іске асырылуда, соған орай  ниет білдіргендер мамандық алып шыға алады. Университетте тегін білім алуға сіздер үшін квота барын білесіздер. Сондықтан мектеп қабырғасында , оқу орны аясында алған білімдеріңді дұрыс пайдалануларыңызға тілектеспін»,- деді Құмар Ақсақалов.

    

        Әңгімелесу кезінде  облыс әкімі жастар арасындағы жоғары бәсекелестікке  түлектердің назарын аударды. Сондықтан жоғары ақылы ғана емес, бәсекелестік көрсеткіші кем соқпайтын  мамандықтарды таңдауға кеңес берді.

        «Сіздердің бәсекелестікке төтеп беріп, дәнекерші, токарь, медбике, мейлі жүргізуші  болсаңдар да жақсы маман болып шығуларыңызға тілектестік білдіремін, олардың бәрі де қажетті мамандық. Әрдайым экономист, қаржыгер болуға ұмтылудың қажеті жоқ, Қазір кез келген жұмыс беруші дәнекерлеушіге жоғары еңбекақы төлейді. Сіздердің сондай болғандарыңызды қалаймын. Біз, ересектер, сіздер үшін тілектес боламыз. Қандай өмір жолын таңдайтындарыңызды қазір анықтауларыңыз керек»,- деді өңір басшысы.

       Өз кезегінде, түлектер облыс басшыларына ризашылығын білдіріп, өз жетістіктері, алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Мысалы, №40 мектептің түлегі Александра Семченко М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге түсіп, дене тәрбиесінің жаттықтырушысы болуды армандайды.

      «Он жастан бері спорттың жеңіл атлетика, көпсайыс және суда жүзу  сияқты түрлерімен айналысамын. Облыстың және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионымын. Президенттік көпсайыс бойынша спорт шеберлігіне үміткермін, суда жүзуден ересектер арасында бірінші разрядым бар»,- деді Александра Семченко.

         Кездесудің соңында Құмар Ақсақалов мектепті аяқтауларына байланысты 64 балаға сыйақы мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған