Ақылды әкенің 10 ауыз нақылы
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеті. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді.
4. Ұлым, тәтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. Ит құйрығын бұлаңдатса тамақ жейтінін, абалап үрсе таяқ жейтінін есіңе сақта.
5. Ұлым, кейін кеудемді бассын демесең, жақыныңа аяғыңды бастырма.
6. Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы. Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның шаққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады.
7. Ұлым, достарың өзіңнен безіп кетпесін десең әкеңнің достарынан өзің де алыстап кетпе.
8. Ұлым, адамдар өз-өзімен таласып жатқан жерге жолама. Өйткені, талас көп жағдайда кісі өліміне себеп болады.
9. Ұлым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, құрмет қылып орныңнан түрегел.
10. Ұлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» деп жүрегіңмен қиналсаң, мынаны біл, аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлықтан ти, сонда ақыл кіреді.