25 жұлдызды күннің екіншісі ұлттық рәміздерді ұлықтауға арналды (Фото)

 Оңтүстік Қазақстанда «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндерінің екіншісі – «Мемлекеттік рәміздер» күні ретінде аталып өтті.

225a7ce3-7ea6-4e3e-93ef-8c8db8f6ece2  6389e175-3730-46be-ac54-514d0c624335

Осыған орай, бүгін Шымкенттің белсенді жастары ерекше флешмоб ұйымдастырды. Қала орталығындағы іргелі оқу орнының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 250 студенті қатар тұрып “Мен Қазақстанды сүйемін» деген жазу құрастырды. Мұндай шаралар барлық аудан, қалалардағы оқу орындарында ұйымдастырылды.

4977a378-f1a6-42c7-a679-0966590ec87c

Сонымен бірге, «I LOVE KZ» жалпыұлттық флешмобы аясында әлеуметтік желі белсенділері мен қолданушылары Қазақстан туымен селфи жасап, рәміздер күнін ұлықтауды одан әрі жалғастырды.

Облыс көлемінде бастау алған 25 жұлдызды күннің екінші таңын 600 мыңға жуық жас бір мезетте әнұран айтып атырды. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылған ұлттық рәміздерімізді ұлықтау шарасы кезінде бір ғана Кентау қаласының өзінде көпшілікке көлік пен төрге ілінетін мыңға тарта ту таратылды.

                           119cb376-e627-4e16-b9e4-454d87559fe1  608be0fb-5198-44f7-b0e4-931cea134df1

Егеменді елдігіміздің нышанына айналған рәміздерді құрметтеу шаралары мұнымен аяқталған жоқ. Облыстағы барлық аудан, қалаларда «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» атты жастар арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Мен қазақстандықпын» шығармалар байқауы өтті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған