ОҚО ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристерді қабылдауға дайын

Оңтүстік Қазақстан облысы  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келуші қонақтарды күтіп алуға дайын. Оңтүстік Қазақстан облысына келуші туристерге облыс әкімдігі мен туристік ассоциация бірлесе арнайы 3-5 күндік туристік маршруттар әзірледі.

Мұндағы 3 күндік маршруттың бағасы 10-15 адамдық топқа 62 400 теңге болса,  5 күндік маршруттың бағасы 10-15 адамға 106 мың теңгені құрап отыр.

Олар тарихи және сәулет ескерткіштерін тамашалауға арналған туристік нысандар. Мәселен, туристер Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы мен Сауран қалашығына, Отырар ауданында Арыстан баб кесенесі мен Отырар қалашығы, Бәйдібек ауданы бойынша Ақмешіт үңгірі және Домалақ ана кесенесіне, ал Қазығұрт ауданында «Кеме қалған» мемориалды кешеніне, «Адам ата – Жер ана» табиғи ескерткішін тамашаласа, Төлеби ауданында  «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Түлкібас ауданында «Ақсу – Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығына барып таныса алады.  Сонымен қатар, Шымкент қаласы  бойынша танымдық экскурсия (Дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағы, Наурыз алаңы, Бәйдібек би ескерткіші және т.б.) ұйымдастырлады.

Мұнан бөлек, облыста екі этно-ауыл бой көтерген. Бұл қоныста қонақтарға  халқымыздың тұрмыс-салты кеңінен насихатталады. Мұнда ат басын бұрғандар  қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып қана қоймай, оны өз қолымен әзірлеуіне де жағдай жасалған. 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған