2,6 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛАДЫ

Биыл облыстағы төрт-түлікті мал азығымен қамтамасыз ету үшін 2,0 млн. тонна пішен, 87,0 мың тонна пішендеме, 438,0 мың тонна сабан, 81,0 мың тонна сүрлем дайындау межеленген болатын.
Бұл бағытта ағымдағы жылы аймақта 351,2 мың гектар жердегі шөп орылса, оның ішінде 186,4 мың гектар көп жылдық, 26,7 мың гектар бір жылдық шөп пен 141,1 мың гектар табиғи шабындық және 4,1 мың гектар сүрлемдік жүгері орылды.
Бүгінгі күні барлығы 2,1 млн. тонна пішен, 87,2 мың тонна пішендеме дайындалса, 411,4 мың тонна сабан, 75,5 мың тонна сүрлем әзірленіп, сабан және сүрлем жинау жұмыстары жалғасуда.
Айта кету керек, өңірде өткен жылдан қалған 250,7 мың тонна мал азығы бар.