2,6 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС-ТЕ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ САҚТАНДЫРЫЛДЫ
5 — қыркүйектен бастап МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі іске қосылды-12 ай бұрын алдын ала төлем жасау.
Бұл бұрын сақтандырылған мәртебесін алу немесе қалпына келтіру үшін міндетті шарт болып табылған өткен 12 айдағы қарызды немесе төленбеген кезеңді өтеместен,⚡ ешқашан жарна төлемеген немесе төлемді тұрақты түрде жасамаған адамдар үшін жүйеде сақтандырудың тамаша мүмкіндігі.
❗Бір жарым айдың ішінде 2 600 азамат осы мүмкіндікті пайдаланып, мәртебеге ие болды.
Бұл келесі қалалар мен облыстар тұрғындары:
✅ Алматы
✅ Астана
✅ Алматы облысы
✅ Түркістан облысы
✅ Қарағанды облысы
✅ Жамбыл облысы
ФМС: Доступная медицина — для всех