Ғибрат
Ең жақсы ұстаз кім?
— Қайғы.
Ең нашар ұстаз кім?
— Рахатқа бөлену.
Қай қасиет ең жақсы?
— Кешіре білу.
Қай қасиет ең қиын?
— Үндемеу.
Қай қасиет аса маңызды?
— Сұрай білу.
Ең керекті қасиет не?
— Тыңдай білу.
Ең қауіпті күрес не?
— Қиялмен күрес.
Қай әдет ең сүйкімсіз?
— Шатақ шығару.
Қай әдет ең зиянды?
— Мылжың болу.
Қандай адам ең мықты?
— Ақиқатты түсінген адам.
Қандай адам ең әлсіз?
— Өзін мықты санаған адам.
Қандай адамды парасатты адам дейміз?
— Жүрегін қадағалап ұстайтын адам.
Қандай байланыс ең қауіпті?
— Өз тәніңе деген іңкәрлік.
Қандай адам ең кедей?
— Бәрінен де ақшаны жақсы көретін адам.
Құдайға қандай адам жақын?
— Мейірімді.
Ең осал адам кім?
— Өзгелерді жеңе білген жан.
Рухы мықты адам кім?
— Өзін-өзі жеңген адам.
Қайғыны немен жеңеді?
— Қуанышпен.
Қайғыға немен қарсы тұрады?
— Төзіммен.
Санасы саудың белгісі не?
— Сенім.
Жан дертінің белгісі не?
— Үмітсіздік.
Жаман істің белгісі не?
— Ашу.
Жақсы істің белгісі не?
— Жан тыныштығы.
©Симеон Афонский