Өмір деген өте шығар жалғыз күн…

Тағдырлы режиссер Жандосов пен Берегавой көшелерінің қилысындағы ескі жатақхананың бір бөлмесінде күн кешіп жатыр екен( бұл күндері жүріп-тұру мұңға айналған. Сондықтан да үй ішіндегі бүкіл қабырғаларға таяныш темір орнатып қойыпты. Жүректалмасымен қанқысымы қатар меңдеткелі 7 жылдан асыпты. Кешегідей емес амандық сұрар ағайынның да аяғы сиреген.

Тек дəрінің көмегімен ұйықтамасам ол да жоқ дейді жүзі сынық режиссер қалш-қалш етіп. Сондағысы тəулігіне 2-3 ақ сағат кірпік айқастыратын көрінеді( жасы 60 тан асып, ауру меңдеткенде еш бір қамқоршысыз жалғыз тұратыны жанға батты(( əттең … ыстық тамақ əкеліп, жылы қабақ көрсетіп, қамқорлық жасап жүрген тек шəкірттері мен туыстары ғана екен!

Кезекпен келіп қарайтын көрінеді, əрине олардың бірде-бірінің жоқ болып қалатын күндері де аз емес… басқаны былай қойғанда таңдай жібітер бір тамшы қарасудың өзіне зорға жететіні көрініп ақ тұр… əр екі сағат сайын дəрі ішпесем өз денеме ие бола алмай қаламын дейді əбден жүдеген ағамыз( сұқпат беріп отырып -«Жақындарымнан ешкімге өкпем жоқ, (жар мен бала-шаға ға) тек еліме өз ойымдағыдай қызмет жасай алмадым» дегенді қыстығып тұрып ернін тістеп айтқанда жұмсақ кірпіктері жасқа шыланып майрылып, кеудесі өксік атып кетті… бұйраланған ана ұзын шаштар жас тиген жүзіне жабысып бірге егіліп тұрғандай… қосылып өксімеске, көз жасыңа ерік бермеске шараң жоқ… осындай ауыр халде, арбада отырып ұлты алдындағы перзенттік парызын адақтай алмағанын арман етіп шерленуі кісіні күңрентеді… не деген үлкен жүрек бұл, не деген махаббат бұл ұлтын риясыз сүйген дерсіз!!!

-«Өмірде жолым бола бермеді əттең, көп дүние жасау ойда бар еді, маған жеке адамдар тараптан жасалған аярлықтармен қисынсыз қиянатты «Аллажар» ақиқаты деген кітапқа жазып жатырмын… бар шындық ашық айтылады, оқыңдар жандарым, құдайда осыны аяқтатсын деп күтіп жатқан шығар мені» — деді боталаған жанарын терезеге телмірте қадап тұрып.

-Ия, аға бұйырса оқимыз, сіз де əлі ақ сауығып кетесіз, талай тағдырлы кино түсіресіз деп қоям! Жай ғана бас шайқаған Қалдекең -«Менде қазір дайын 10 ценари жатыр… бірақ оны түсру қайдам… өзгені айтпағанда ана «Аллажардың» пайдаға жаратсам деген таспалары да шіріп жатыр, қайтем құсалық қой, мені осы дертке кірптар еткен, адам өмірінің соңында тек өкініші ғана қалады екен» деп бір қайырды сөзін көзінің жасын жеңімен сүртіп жатып……
Ия, Қалдыбай ағаның жағдайын барып өз көзіммен көрдім. Фб ға бірдеңе айтайын дедім де, бірден анандай ауыр сəттерді баян ету де оңай болмады… алдымен бағдарламаның эфирден өткенін күтіп жүрдім. Ия түнде ғана «Болмыстан» басы бүтін бір хабар арналды. Еліне еткен еселі еңбегімен ұлт үшін жасаған егей ерлігін зиялы қауым таразылады. Аса ірі жүректі, рухы биік ұлтжанды азаматтың өнерге арнаған барша ғұмырының соңы осылай өкінішке толы болар деп ешкім ойламаған шығар!
Ағайын, дос, туғандар Қалдыбай ағамызға көмектесіңіздер! Көңілін сұрап зиарат жасаңыздар! Оның жүрегі қазір əлсіздеу болса да тек қазағым деп соғудан жаңылған емес… Үмітсіз сайтан деген. Мүмкін ел-жұртының жардемі тиып, көп тілеуі қабыл болып арыстандай аға аяққа тұрып кетер!

(Шығып келе жатып ойға оралған бір шумақ!)
Жалғызбын ғой қайтейін мен жалғызбын
Жаныма тек серік болған жалғыз мұң
Не сұрайсың өз атымды ұмытқам
Қайратым аз əлжуазбын əлсізбін
Адамдарға көзін сүзіп көксеген
Бақыт деген балбыраған жалғыз түн
Көңіл деген күмілжіген ақша бұлт
Өмір деген өте шығар жалғыз күн…
Топырағың үйілген бір өкініш
Жайы солай біз секілді жалғыздың…

ХАЛЫҚ БАНК KZ 136010893100107583
БИН 960941000145
ӘБЕНОВ ҚАЛДЫБАЙ ТОРҒАЙҰЛЫ
КИВИ 8 705 133 15 91
Kurmanzhan Kasmzhanның фейзбук парақшасынан