28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында барлық экспресс және қала маңы бағдарларының қозғалысы тоқтатылады
Шектеу шаралары карантин аяқталғанға дейін сақталады. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап бірқатар қосымша қатаң шаралар бекітілді. Олардың бірі — қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу. Атап айтсақ, келесі бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады: — №103 және 104 экспресс бағдарлары; — №302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326 қала маңына қатынайтын бағдарлар (Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин және «Нұрлы» ауылдары). Еске сала кетейік, осыған дейін №№ 300, 301, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 , 318 қала маңына қатынайтын бағдарлардың және №100, 101, 102, 105 экспресс бағдарлардың қозғалысы тоқтатылған болатын. Шектеу шаралары карантин аяқталғанға дейін сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі