2805 адам тәуелсіздікке арнап шығарма жазды

Тәуелсіздік күніне арналған әр түрлі  шаралар мәдени орындарда, мекемелерде жиі ұйымдастырылуда. Жақында Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбындағы жалпыреспубликалық шығармалар байқауы өткізілді. Байқауға Ғ.Сланов   атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының, басқа да облыстық және қалалық кітапханалар жүйесінің  мамандары, этномәдени бірлестік мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлері қатысты.    

1

Конкурстың мақсаты – Отанды сүюге, туған елге, жерімізге деген сүйіспеншілікті арттыруға, әсемдікке, жауапкершілікке деген сезімді оятуға, егемен елімізге қамқор болуға және  ел мұрасын жалғастырушы азамат болуға  жастарды тәрбиелеу болатын. 

Сонымен қатар,  облысымыздың барлық аудандарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында да бұл шара ұйымшылдықпен өткізілді. Өлкеде шығарма жазуға 2805 адам қатысты.

Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылардың шығармалары өңірлік деңгейде іріктеліп, жергілікті бағалау комиссиясының шешімімен сарапталады. Жеңімпаз танылған жұмыстар екінші, яғни республикалық кезеңге жолданды.

3

Комиссия мүшесінің шешімімен үшінші орын – Тәуелсіздікке арнап өлең жолдарын арнаған облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Дания Есенгалиева иеленді. екінші орынға – Атырау облысы Индер ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы  орта мектептің 9 сынып оқушысы, ұлты орыс Люба Калягина ие болды, ал Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы  Е.Халықов атындағы №7 орта мектеп окушысы  Мөлдір Есеналиеваның еңбегі жоғары бағаланып, жүлдегер атанды. Бұл шығармалар  республикалық деңгейде өтетін байқауға жолданатын болады.

                                                                                     Светлана Муньянова

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған