Геннадий Головкин Джет Лимен кездесті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қытайлық танымал киноактер, ушу шебері Джет Лимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытайдың ұлы адамдарымен кездесу»,- деп жазды GGG Инстаграмдағы жеке парақшасында. Айта кетейік, Головкин Қытайлық миллиардер Джек Ма түсірген «Gong Shou Dao(功守道)» киносының алғашқы көрсетіліміне қатысу үшін 11 қарашада Шанхай қаласына барған болатын.

«Gong Shou Dao» қысқа метражды фильмінде Джет Ли, Донни Йен бастаған танымал қытайлық ушу актерлері қатысты. Джек Ма кинода басты рөлді сомдап, қытайлық Тайцзи атыс өнерін насихаттауды басты мақсат етіп отыр.

20 минуттық филмнің соңында Голливуд актері Джейсон Стэтхем, филиппиндық кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо және қазақстандық Геннадий Головкин Джек Маны жекпе-жекке шақырады.

Толығырақ: http://www.inform.kz/kz/golovkin-kytayda-dzhet-limen-kezdesti_a3086065