«ЕлАна» бүгінгі қоғамның бет-бейнесі
Бүгінде кең өріс алған ақпараттар айдынына жақында қосылған «ЕлАна» ақпараттық сайтын оқып, көңілге қонымды дүниелерді тапқаным үшін ұжымына өз алғысымды білдіргім келеді. Атына қарап, алғашқыда аналар жайын қозғайтын болар деп топшылаған едім. Байқасам, бүгінгі қоғамның барлық жағын сөз етеді екен.
Халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Және «Ана – шаңырақтың алтын діңгегі» деген де сөз бар. Соған қарағанда, елдің адами құндылықтарды жоймай өркендеуі Аналарға байланысты секілді ой береді. Өмірден көргенін кейінгі ұрпағына өсиеттеп кеткен бабаларымыз «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпаса керек. «ЕлАна» сайты бабалар айтқан нақылдың бүгінгі бет-бейнесін көрсеткендей әсер қалдырды маған.
Қамар Қарасаева,
Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің тілшісі.