«2gis» электронды картасында Қарағанды облысының тарихи ескерткіштері пайда болады
Бағдарламаны жасаушылар Қарағанды өңірінің 17 тарихи орнын базаға енгізеді. Осы мақсатта «Рухани жаңғыру» орталығы мен «2GIS» халықаралық картографиялық компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.
— Қосымшада ол үшін «қызықты орындар» деген бөлек тармақ бар. Пайдаланушылар жергілікті көрікті жерлерді тауып қана қоймай, ескерткіштердің тарихы мен маңызын біле алады.
Қызмет жұмысын бастау үшін «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары өңірдің тарихи және қасиетті орындарының тізімін, сондай-ақ олардың координаттарын ұсынады.
— Киелі орындарды біздің анықтамалыққа тегін қосамыз. Ақпарат нысандардың мекен-жайы мен орналасқан жерін нақтылай отырып орналастырылады. Алдағы уақытта анықтамалыққа барлық тарихи ескерткіштерді орналастыруды жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті Қарағандыдағы «2gis» ЖШС коммерциялық директоры Жанат Аханова.
Қысқаша ақпарат пен фотодан басқа, бұл орынмен «бөлісу», маршрут құру, сонымен қатар пікір қалдыру мүмкіндігі болады. Ұйымдастырушылар бұл жастарды туған өлкесінің тарихына көбірек қызығушылық танытуға және ішкі туризмнің дамуына ықпал ететініне сенімді.
Жомарт Шаймұрат