3 МАҢҒЫСТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

 

3 маңғыстаулық студент “WorldSkills” байқауынан жүлделі оралды.  Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққандарды Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қабылдады.

-Қазақстанның білім деңгейін қандай екенін міне бүкіл дүние жүзіне паш етіп шығарып жатсыздар. Жақсылық тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін. Алда әлі талай асуларды бағындырарсыздар деген сенімдемін. Қасиетті Маңғыстауды, Қазақстанды дүние жүзіне осылай шығару керек, деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.img-20170522-wa0051

Ресейдің Краснодар қаласында өткен шараға Маңғыстаудан 3 бала қатысқан. Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқауда олар инженерлік графика, аспаздық ісі, шаш қию бойынша сынға түсіп, 2 күміс, 1 қола медальды қанжығасына байлады. Қатысушылар аталған сайыстың әлемдік турына дайындықты бастап кеткен.20170522_102518

Қазан айында Абу-Даби қаласында өтетін сайысқа жолдама алдық. Ел намысын абыроймен қорғап келеміз деген ойдамын, дейді күміс жүлдегер Тілектес Алқуатова.

 

Айман Оңғарбайқызы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған