Мемлекет басшысы EXPO-2017 кешенінің құрылыс барысымен танысып, EXPO-2017 көрмесіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.
27 04 2016 Елбасы EXPO-2017 көрмесіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Экономикалық өсімнің 40% үлесі Астана қаласына тиесілі. Былтыр Елорда алғаш рет республикалық бюджеттің доноры атанды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен бас қаланы дамыту жайы мен EXPO-2017 көрмесіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өтіп жатыр. «Астана құрылған күннен бастап қалаға 6 трлн теңге инвестиция тартылған. Қазынаға 4 трлн тенге салық төледі. Сондықтан Астана – мемлекет жүзеге асырған ең тиімді жоба деп айтуға толық негіз бар», — деді Президент. Шаһар басшысы Әділбек Жақсыбеков елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісті. Әкімнің есебі бойынша биыл қалада 18 мың жұмыс орны ашылған. Тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін шаһарда 2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынбақ. Сөз арасында Президент Астанада балабақшамен қамту денгейінің төмен екенін айтып, салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақша ашуды талап етті. Күн тәртібінде қандай мәселелер тұр? Астана қаласының даму жайы мен халықаралық EXPO көрмесіне дайындық шаралары қалай бағаланды? «Бүкіл ел болып EXPO шарасын жоғары деңгейде өткізуіміз керек». Елбасы кеңес барысында осылай деді. Мемлекет басшысы халықаралық көрме өтетін Астана қаласының даму барысын да сөз етті. Елорданың негізі қаланғаннан бері қалаға 6 трлн теңге инвестиция тартылған. Былтыр 18 мың жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші де Астанада. Халықтың орташа табысы 190 мың теңге. Соңғы жылдары қалада 157 əлеуметтік нысан бой көтерді. Президент қала əкімі Əділбек Жақсыбековтың есебін тыңдай келе, Астанадағы жағымсыз иісті жою керектігін атқамінерлердің қаперіне салып өтті.
EXPO-2017 көрмесіне демеушілерден 147 млн еуро тартылады EXPO-2017 көрмесіне демеушілер тарапынан 147 млн еуро тартылмақ. Бүгінге дейін 244 млрд теңге инвестиция жұмсалып, 5 мың жұмыс орны ашылған. Халықаралық көрмеге дайындық барысы пысықталған кеңесте Ахметжан Есімов осылай деп есеп берді. Оның айтуынша, көрме құрылысына отандық өндірушілерді араластыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір 256 қазақстандық кәсіпкермен 35 млрд тенгенің келісімі жасалған. Көрмені тамашалуға 5 млн-ға жуық адам келеді деп топшылаған ұлттық компания басшысы оның 85%-ы қазақстандықтар болатынын айтты.л Президент өз кезегінде маңызды шарадан отандастарымыз қалыс қалмауын тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: — Туристер ең алдымен облыстардан келіп көрсін, елінде не болып жатқанын. Әр облыстан алдын ала адамдарды әкелетін кезегін жасау керек. Қайдан, қай кезде, кім келеді? Әсіресе жастар.
Демеушілер тарапынан 147 миллион еуро тартылып, 244 миллиард теңге инвестиция құйылды. Нәтижесінде 5300-ден астам жұмыс орны ашылды. Құрылыс жұмыстарына отандық тауар өндірушілер шығарған материалдар пайдаланылып, 35 миллион теңгенің келісімі жасалды. Айта кеткен жөн, жиын басталмастан бұрын Елбасы көрме кешенін аралап, тиісті тапсырмалар берді. Президент халықаралық шара өткеннен кейін көрме аумағында қаржы орталығы құрылатынын ескеріп өтті. Бұл ретте Елбасының алдында «Астана» қаржы орталығының жетекшісі Қайрат Келімбетов есеп берді. Оның айтуынша, елімізде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып, қазір халықаралық арбитраж орталығын құру бағытында жүйелі жұмыс жасалуда. Қаржы орталығы 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Елбасы бүгінгі жиын барысында Энергетика және Сыртқы істер министрлерінің баяндамасын тыңдап, шараға дайындық барысын пысықтады.
www.24.kz сайтынан алынды
фото: akorda.kz