31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі-жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Көптеген құрбандарды еске алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар өткізіледі, мұражайларда көрмелер ашылады, мемориалдарға гүлдер қойылады, жаңа деректер жарияланады.
2023 жылғы 26 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Департаменттің оқу сыныбында жеке құрамға «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» тақырыбында семинар өтті.
Өз баяндамасында ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Джуматаев «АЛЖИР» және «КАРЛАГ» лагерлері туралы айтты. ХХ ғасырда Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері — АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Республика бір үлкен түрмеге айналды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанның лагерьлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, тұтқындардың жалпы саны бұл көрсеткіштен едәуір асып түседі.
Ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров және басқалар қуғын-сүргінге ұшырады.
Саяси қуғын-сүргіннің бір түрі халықтардың жаппай заңсыз қоныс аударуы болды. 1930 жылдардың аяғы, 1940 жылдардың басында бүкіл халықтарды-орыстарды, корейлерді, украиндарды, поляктарды және басқаларды Қазақстанға көшіру басталды. 1950 жылдардың ортасында лагерьлерде болған жазықсыз сотталғандарға қатысты үкімдерді қайта қарау және жою процесі басталды.
Семинар соңында «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені бойынша 3D тур өткізілді.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті