«НҰР ОТАН» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
2016 жылғы 28 сәуірде Астана қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жанат Абдоллаұлы Жарасовтың төрағалық етуімен, «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қ.Жұмашевтің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында Кеңестің жаңа құрамы таныстырылды.
Кеңес мүшелері Кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады және бекітті, сондай-ақ партия басшылығы қойған міндеттерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды ескере отырып, өз қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындады.
nurotan.kz
28 сәуір 2016 г.