32 ОҚУШЫ “АЛТЫН БЕЛГІГЕ” ҮМІТКЕР

Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков аудандағы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер оқушылармен кездесу өткізді.
Еркін форматта өткен басқосуда аудан әкімі озат оқушылармен емен-жарқын әңгімелесіп, түлектердің тосыннан қойған түрлі сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, қазіргі кезең біліммен қаруланған жастардың заманы екенін ерекше атап, жетістікке жеткен жерлестеріміздің өнегелі өмірі мен жеткен жетістігі туралы әңгіме тарқатты.
Жалпы, биыл аудан бойынша 660 оқушы ҰБТ тапсыратын болса, оның 32-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болып отыр. Осыған орай, түлектердің маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтулеріне Бақытжан Оразалыұлы өз тілегін білдірді.

Шу ауданы әкімдігі