Қадір түнінің құрметіне мыңнан аса тұтқын бостандыққа шықпақ

Түркмения президенті Құрбанұлы Бердімұхаммедов айлардың сұлтаны – Рамазанда болатын қасиетті Қадір түнінің құрметіне 1029 тұтқынға рақымшылық етпек. Бұл туралы Islam.kz  рухани-ағарту порталы хабарлайды.

Осы мақсатта ел президенті құқық қорғау органдарындары мен тиісті құзыретті орындарға рақымшылыққа ілініген түрмеде жазасын өтеушілерді аз уақыттың ішінде бостандыққа шығарып, жетер жеріне дейін жеткізіп салуын, сондай-ақ, олардың жұмысқа орналастыруды тапсырды. Айта кетейік, аталған елде амнистия жылына бірнеше мәрте өткізіледі. Осындай мемлекеттік және ұлттық атаулы күндердің құрметіне темір тордың ар жағындағы талай жан азаттықтың дәмін татады. Бұл елде соңғы амнистия ақпан айында, дәлірегі, Мемлекеттік байрақ күні ақпан айының 19-ы күні) құрметіне орай өткізілген еді. Бұл кезде бостандыққа 828 адам шығарылған болатын. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған