Есте сақтау қабілетін қайтіп жақсартуға болады ?

 

Соңғы кездері көп адамнан есте сақтау қабілетінің нашарлап кеткенін айтып, шағынданып жататын жиі еститін болдық. Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін адамдар, әйтеуір, түрлі тәсілдер қолданып жатады.

Жалпы, есте сақтау қабілеті неден нашарлайды? Ислам діні адамның есте сақтау қабілетінің нашарлауы күнә істерге былыққаннан деп есептейді. Бұған фиқһ мектебінің негізін қалаған ұлы имам Мұхаммед ибн Ыдырыс әш-Шафиғидің өмірі мысал бола алады.

Бірде имам Шафиғидің көзі бөтен әйелдің жалаңаш тобығына түсіп кетеді. Осыдан кейін есте сақтау қабілеті біршама нашарлап кетеді. Бұрын бір беттік мәтінді бір қарағаннан-ақ оқығанын көңіліне тоқып, жаттап алатын болса, әлгі жағдайдан кейін мәтінді жаттау үшін бір оқығанын бірнеше қайталауға мәжбүр болады. Бұл жағдайын өзінің ұстазына айтып, мұңын шағады. Ұстазы оған күнәлі істерден аулақ болуға кеңес береді.

Осының бәрін неге сөз етіп отыр дейсіз ғой? Біз бұл арада пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) өзі үйреткендей есте сақтау қабілетін жақсарту тәсілдері жайлы бөліссек деп едік.

Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте былай айтылған: «Бірде пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафамен (с.ғ.с.) бірге отырғанымызда Әли (р.а.) келді де: «Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, уа, Расулалла! Кейінгі кезде Құран сүрелері мен аяттары есімнен тез шығып кететін болыпты. Жаттай алмай жүрмін», – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) оған былай дейді:

–Уа, Хасанның әкесі, есте сақтау қабілетіңді арттыратын сөздерді үйретейін бе? Өзің үйреніп алған соң өзгелерге де үйретерсің.

–Үйретіңізші, Уа Алланың елшісі, – дейді Әли (р.а.).

–Жұмаға қараған түні, шамаң келсе, түннің үштен бір бөлігінің соңғысында тұр. Бұл – Алланың барлық құлдарының дұғасын қабыл қылатын және береке нәсіп ететін уақыт. Жақып (р.а.) пайғамбар балаларына: «Мен күнәларыңның кешірілуі үшін Аллаға кейінірек дұға қылайын», – деп, жұмаға қараған түнді ишарат еткен. Егер бұл уақытта тұра алмасаң, түннің ортасында тұр. Оған шамаң келмесе, түннің алғашқы бөлігінде тұрып, төрт рәкат намаз оқы. Бірінші рәкатта «Фатихадан» кейін «Ясин» сүресін оқы. Ал,екіншісінде «Дұхан» сүресін оқы. Үшіншісінде – «Сәжде», төртіншісінде – «Мүлік» сүресін оқы. Екі жаққа сәлем бергеннен Алланы мадақтап, Мұхаммед Пайғамбарға және өзге пайғамбарларға салауат айт. Содан соң, барлық мұсылманның және арамыздан кеткен діндес бауырларыңның күнәсіна жарылқау тіле. Соңынан мына дұғаны оқы:

اللَّهُمَّبَدِيعَالسَّمَوَاتِوَالْأَرْضِذَاالْجَلَالِوَالْإِكْرَامِوَالْعِزَّةِالَّتِيلَاتُرَامُأَسْأَلُكَيَاأَللَّهُيَارَحْمَنُبِجَلَالِكَوَنُورِوَجْهِكَأَنْتُلْزِمَقَلْبِيحِفْظَكِتَابِكَكَمَاعَلَّمْتَنِيوَارْزُقْنِيأَنْأَتْلُوَهُعَلَىالنَّحْوِالَّذِييُرْضِيكَعَنِّيَاللَّهُمَّبَدِيعَالسَّمَوَاتِوَالْأَرْضِذَاالْجَلَالِوَالْإِكْرَامِوَالْعِزَّةِالَّتِيلَاتُرَامُأَسْأَلُكَيَاأَللَّهُيَارَحْمَنُبِجَلَالِكَوَنُورِوَجْهِكَأَنْتُنَوِّرَبِكِتَابِكَبَصَرِيوَأَنْتُطْلِقَبِهِلِسَانِيوَأَنْتُفَرِّجَبِهِعَنْقَلْبِيوَأَنْتَشْرَحَبِهِصَدْرِيوَأَنْتَغْسِلَبِهِبَدَنِيفَإِنَّهُلَايُعِينُنِيعَلَىالْحَقِّغَيْرُكَوَلَايُؤْتِيهِإِلَّاأَنْتَوَلَاحَوْلَوَلَاقُوَّةَإِلَّابِاللَّهِالْعَلِيِّالْعَظِيمِ

«Аллаһумма бадиъа-ссамауати уал ардый зәл жәләли уәл икрами уәл ъиззәтиль ләти лә тураму әс әлукә. Йә, Аллаһу, йә рахмәну бижәләликә уә нури уәджһикә ән тулзима қалби хифза китәбикә кәмә ъәлләмтәни. Уәрзуқни ән әтлуаһу ъала- ннахуиль-ләзи йурдыйк ғанниә Аллаһуммә бадиъа-ссамауати уәл ардый зәл жалали уәл икрами уәл ъиззатиль ләти лә тураму. Асалука. Йа, Аллаһу, йа рахмәну бижәләликә уә нури уәджһикә ән тунаууира бикитабикә бәсари уа ан тутлиқа биһи лисани. Уа ан туфаррижа биһи ъан қальби. Уа ан ташраха бихи садри. Уа ан тусиля биһи бадани, фә иннәһу лә йуъинуни ъәләл хаққии ғайрука уә лә йуътиһи илла анта. Уә лә хәулә уәлә қуәтә иллә биллаһи ъалйил ъазыим».

– Уа, Хасанның әкесі, мұны үш, бес немесе жеті жұма бойы қайтала. Алланың қалауымен нәтижесін көресің. Мені хақ дінмен жіберген Алланың атымен ант етейін, бірде-бір мүміннің осы дұғасы қабыл болмай қалған кезі жоқ».

«Әли бес әлде жеті түн өтпей жатып, арамызға тағы келді, – деді Абдулла ибн Аббас (р.а.). – Келді де:

– Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.), бұрын мен Құранның төрт аятынан артық есте сақтай алмайтын едім. Қанша жаттасам да, есімде қалмайтын. Ал, қазір күніне 40 аяттан жаттап алатын болдым. Жаттаған Құран аяттарын оқи бастасам Алланың Кітабы көз алдымнан өтіп жатқандай болады. Бұрын қандай да бір сөзді не хадисті тыңдап, кейін еске түсірейін десем, ойымда түк қалмайтын еді. Қазір естігендерімнің әрбір әрпіне дейін жаттап алатын болдым, – деді.

Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.) тұрып:

– Қағбаның Иесімен ант етейін, сен мүмін болдың, уа, Хасанның әкесі! – деді.

Абдулгамид Магомедов