Жұмыс істеймін деген адамға жер беру керек

Жақсылық Үшкемпіров: Жер кодексіне енгізілген түзетулерді қабылдауға қатысты ойымен ол BNews.kz тілшісімен бөліскен.

«Мен ауыл шаруашылығымен 1998 жылдан бері шұғылданамын. Жерді пайдаланушыға сатылатын жердің көлемі шаруашылықтың ауқымына, мал басының санына және т.б. байланысты белгіленуі керек деп санаймын. Менің шаруашылығымда 35 мың га жер бар. Ол жерде бес мыңнан астам ірі қара мал, жылқы, қой өсіріледі. Жұмыс істеймін деген адамға жер беру керек. Жер бос жатпауы тиіс. Дағдарыс жағдайында үкіметке көмектесуіміз керек. Мемлекет басшысы не істесе де барлығын халқының игілігі үшін жасайды», – дейді Үшкемпіров.

Ол сондай-ақ, жер жеке меншіктікі болса, қадірлі болады деп санайды.

«Жердің жеке меншікке берілуі – өте жақсы. Одан да артық жұмыс істесем деген ниет пайда болады. Үкімет жерді сатып алуға мүмкіндік жасау арқылы бізге көмектесіп, оған қоса субсидия бөліп отыр. Бізге тек жұмыс істеу ғана қалды. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде жерді иеленуге құқылы болып отырмыз. Бұл үлкен жетістік», – деп түйді спортшы.

Дереккөз: BNews.