Әке үйреткен сабақ

Баяғыда Қожанасыр атамыз «Қарап отырғанша нанға майды жағып жей отырайық!» деген екен. Ендеше қарап отырғанша мен сіздерге тағы бір ертег құрастырып айтып берейін.

Ертеде бір шал болыпты. Ол шалдың бір ұлы болыпты. Ұлы арам тамақ, еңбекке құлықсыз, ерке, жатып ішер болып өсіпті. Шал өзі біршама ауқатты адам болса да осы  ұлға еңбек етуді қалай үйретсем екен деп ойлап-ойлап ақыры ертіп алып, ел аралатып, әр түрлі кәсіп иелерімен таныстырып, өзіңе ұнаған кәсіпті атасаң мен сол кәсіпті меңгертетін оқуды оқытамын депті.

Ел аралап жүргенде ұлы әртүрлі сылтау айтып еш кәсіпті жақтырмапты. Жүре-жүре ақыры үсті-басы кірлеп, қарны аша бастапты. Ол:

«Әке үйге қайтайықшы» деп жалыныпты. Шал да ұлының айтқанына келісіп екеуі алыста қалған үйіне қарай беттеп келе жатса алдарынан ылғый семіз-семіз біртабын өгізкез десіпті. Қарны қатты ашып келе жатқан ұлы:

«Әке, осы семіз өгіздердің біреуін ұрлап апарып сойып жегім келіп кетті. Рұқсат болса мен біреуін ұрлайын, сіз маған ұрыспаңыз! » депті. Шал рұқсатын беріпті. Сонымен ұлы бір өгізді ұрлапалыпты да иесі келіп қалмасын деп жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап жетектеп, айдап, қуалап жүріп үйіне әкеледі. Әкеледі де ұсталып қаламын ба деп қорқып, үрейленіп жүріп жанталасып сояды. Сосын етін асып, пысырып, жеп отырған кездерінде де қорқып, алақтап, иесі келіпқалып, біліп қоярма екен деп тез-тез жейді екен. Ал шал болса ұлының әрекетіне қарап үндемей, өгіздің еті мен сорпасын тойып жеп-ішіп, қарнын сипап жата беріпті. Сонымен сиырдың етін екеуі бір ай мерзімде жеп бітірген кезде Шал дүмдей болып семіріпті де, ұлы қу жаны қалып арықтапты. Шал ұлын шақырып алып:

«Сиырдың етін екеуіміз бірдей жедік, сен неге арықсың, ал мен неге семірдім?» деп сұрапты. Ұлы үндемепті. Сонда шал:

«Өгізді ұрлаған сәттен бастап сен біреулер көріп қояма, ұсталып қалам ба деп жаның мұрның ұшына келіп қорқып жүрдің. Етін қазанға асқанда, түсіріп жеген кезде де осы қорқыныштан болыпжан-жағыңа алақтап отырып тамақты дұрыс ішіп-жей алмадың. Ұрлықпен ішіп-жегенің бойыңа сіңбеді.  Ал менде ешбір қорқыныш жоқ болғандықтан ішіп-жегенім бойыма сіңді. Өйткені мен бұл сиырдың құнын иесіне алдын-ала төлеп қойған болатынмын» депті.

 

А.Т