4 түлек қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Жуалы ауданында 25.05.2024 жылы Жаңаталап пен Ақтоған елді мекендерінің арасында жол көлік оқиғасы орын алды.
Көлікті 21 жасар көлік жүргізушісі басқарған. Жол көлік оқиғасы орын алғанда көлік ішінде 4 адам болған, біреуі Т.Тастандиев орта мектебінің 11 сыныптың оқушысы. Жас түлек мектептегі іс-шарадан соң осы көлікке отырып, қайтқан. Баланың қазіргі жағдайы қалыпты, Жуалы аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімінде ем-дом қабылдауда.
Жол апаты кезінде рульде болған 21 жасар С. есімді азаматша қайтыс болған. Қалған екі адам Жуалы аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.
Интернет желісінде тараған 4 түлек қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Ресми мәліметтерге жүгінулеріңізді сұраймыз!