Сократтың сөздері…
Достым, қалай болғанда да үйлен… Егер жақсы әйел тап болса, онда бағыңнын жаңғаны. Егер, жаман әйел тап болса, онда -ФИЛОСОФ боласың, — деген екен, Жарықтық-Сократтың әйелі Ксентипаның мінезі нашарлау адам болса керек… Бір күні базарда жүрген Сократқа: — Сен осы Ксентипаға қалай шыдап жүрсің, — деп, біреулер тиседі. Сонда Сократ: — Сенің үйіңде қаздар бар ғой, солар қаңқылдайды, ,есік алдын ластайды, соған қалай шыдайсың, -деп, өзіне қарсы сұрақ қояды. Сонда ана адам: — Қаздар маған күнделікті жұмыртқа тауып береді, керек кезінде соямын, мамығынан жастық жасап аламын, — деген екен. Сократ: — Ксентипа маған балалар тауып береді, — дегенде, сұрақ қойған адам кешірім сұрап, Сократты қонақ етіп жіберген екен дейді, көне тарих…
P.S. Әйеліңіздің мінезі жаман болса, жақсы әдеттермен түзетуге тырысып көріңіз болмаса, Балаларыңызды анасы ғой… шыдайсыз!!!