41 мекемеден 100-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды
Сарысу ауданында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, 41 мекеме 100-ге жуық ваканция ұсынды.
Жәрмеңкеге жұмыс іздеген 70-ке жуық азамат қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрды. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, түйіндемелерін тапсырды.
Жұмыс берушілер білім беру бағыты бойынша физика, математика, химия, биология, география, информатика, ағылшын, орыс тілі пәндерінің мұғалімі, әлеуметтік педагог пен жаттықтырушы мамандары керек екендігін жеткізсе, шаруашылық бойынша тракторист, қойшы, жалдамалы жұмысшыларды іздеп келгендер тұрғындармен кері байланыс орнатты.
Іс жүргізуші, бақылаушыдан бастап электрик, слесарь мамандарына сұраныс артқан. Ал, аудандық орталық аурухана өкілдері травматолог, офтольмолог, неврапотолог дәрігерлерінің ауданға тапшы екендігін атап өтті.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығынан 791 адам жұмыспен қамтылса, биылдыққа «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 4 рет ұйымдастырылды. Бүгін 5-ші рет ұйымдастырылған жәрмеңкеде 15 азаматқа жұмыс ұсынылды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі