Зиябек Қабылдинов: Жаңа кітап көрме қонақтары үшін үлкен естелік болмақ

Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық тарихшылар конгресінің хатшысы, т.ғ.д., ЕНУ профессоры Зиябек Қабылдиновтың «Астана: өткені және бүгіні» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өткен болатын.

Кітапта Астананың ежелгі тарихынан бүгініне дейінгі тарихи оқиғалар қамтылған. Кітап «ЭКСПО-2017» көрмесі мен астанамыздың Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) көшкеніне 20 жыл толуына орай шығып отыр.

Тұсау кесер рәсіміндегі алғы сөзінде кітап авторы:

«Елімізде ертеңгі өтетін EXPO-2017 көрмесіне келушілер елдеріне қайтар тұста естелік алып кеткісі келетіні сөзсіз. Бұл заңдылық. Ал, ең үлкен естелік кітап деп ойлаймын. Міне, сіздердің қолдарыңызға бүгін тиіп отырған бұл кітаптың негізгі маңыздылығы осында. Өйткені, бұл кітап біздің Астанамыздың түпкі тамырынан бастап, бүгініне дейінгі тарихын таныстырып қана қоймай, шет елдіктерге қазақ деген халықтың кім екенін де танытады», -деп өз кітабына біраз түсініктеме берді. 

d4s_1034

«Астана: өткені және бүгіні» кітабының авторы Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы 1965 жылғы 13 желтоқсанда Ресейдің Омбы облысы, Таврический ауданындағы Байдалин (Байтұяқ) ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Омбы мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітіріп, «Қазақ тілі» қоғамының Обмыдағы бөліміндегі «Омбы үні» газетінде қызмет еткен.

1997 жылы кандидаттық, ал, 2003 жылы Ресей империясы территориясындағы қазақ халқын қалыптастыру проблемалары тақырыбында докторлық дессертациясын қорғаған. 500-ге жуық ғылыми еңбектер мен публицистикалық мақалалардың және бірнеше оқу құралдары мен үш монография авторы.

d4s_1054

2004-2017 жылдар аралығында 30-дан астам отандық және шет елдік ғылыми жобаларға қатысқан. 2007 жылғы қорытынды бойынша «Қазақстан ЖОО-ның үздік оқытушысы» және Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

d4s_1032

Зиябек Қабылдинов ғалым ретінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, дін, көші-қон және қауіпсіздік, тілдік саясат, ұлттық идея, ұларалық қарым-қатынас, Қазақстан тарихы сынды тақырыптарда зерттеулер жүргізіп, қалам тербеген. Ал, ғалымның «Астана: өткені және бүгіні» кітабы соңғы жазған еңбегі және ұзақ жылдық ізденіс пен еңбектің жемісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған