5 930 ШАРУАШЫЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Биылғы жылы агро саланы қолдауға 16,2 млрд. теңге қарастырылса, осының аясында бүгінгі күні облыстың аграршыларына 8,7 млрд. теңгеден астам мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде, егін шаруашылығы саласы бойынша — 131 шаруашылыққа 322,0 млн. теңге, мал шаруашылығында — 2 551 шаруаға 4,5 млрд. теңге субсидия берілді.
Сонымен қатар, қайта өңдеу саласы бойынша 14 шаруашылыққа 285,0 млн. теңге төленсе, 176 агроқұрылымға 2,4 млрд. теңге инвестициялық субсидия төленді. Бұдан бөлек, кредит және лизинг бағыттары бойынша 3 058 шаруаға 1,1 млрд. теңгеге, басқа да бағыттар бойынша 1 шаруашылыққа 5,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы