5 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Күні кеше шулық тұрғындарға тағы бір тамаша тарту жасалды. Наурыз мерекесінің қарсаңында Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді.
30 отбасының шаттық шаңырағына айналатын тұрғын үйдің құрылысын “UMTYLYS INVEST COMPANI” ЖШС жүргізген. Мұнда 1 бөлмеден бастап, 4 бөлмелі пәтерлер де орналасқан. Бұл жобаның бір ерекшелігі — тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады. Демек, сіз 10 миллионға пәтер алсаңыз, 3 миллион теңгесін бірден төлеп, қалған 7 миллионын 5 жылдың ішінде үстемеақысыз төлей аласыз. Осылайша, серіктестіктің негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Арман Абаев жерлестерімізге пәтерге қол жеткізудің дәл осындай ыңғайлы тәсілін ұсынып отыр.
Пайызсыз баспана алған Дидар Сандыбайқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Халыққа тиімді, жайлы, жылы тұрғын үйлер көбейе берсін дейді, жаңа баспана иесі. “Аллаға шүкір бүгін кілтті алып жатырмыз. Рақмет. Үйі жоқтарға жұғысты болсын. Қарап шықтым, өте керемет ұнады. Жылы. Ойымдағыдай болды.” — дейдіЖұртшылыққа қолайлы жоба біраз жанға баспаналы болу мүмкіншілігін сыйлады. Жерлестерімізге тиімді шартты ұсынып отырған кәсіпкердің бұл қадамы үлкен көмек.